Қ.Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президентін қабылдады

Қ.Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды. Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы Парижде өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Лицензиялар санын көбейту және жаһандық додада елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет. Бұл ретте президент Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.