Қазатомөнеркәсіпте жаңа Конституция жобасы талқыланды
Қазатомөнеркәсіптегі
алқалы жиынға компания қызметкерлері мен еншілес және тәуелді мекеме басшылары
қатысты. Кездесуді басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ашып, конституциялық
реформа еліміздің кемел келешегі үшін маңызды тарихи қадам екенін атап өтті. ҚР
Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай, «Қазақ газеттерінің» бас
директоры Диқан Қамзабекұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те
мінберге көтеріліп, тұшымды пікірлерін айтып, көпшіліктің көкейінде жүрген
сұрақтарға жауап берді.
Мұрат
Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұрын тек мемлекет жауап берсе, қазір әр азамат, әр өндірістік компания экологияға жауапты. Осы бастамаларды айтып, ұжымның ішкі көңілдерін байқап, қолдау бар екенін көріп отырмыз.
Қазатомөнеркәсіп
өзі қызмет ететін өңірлерде әлеуметтік және білім беру жобаларын жүйелі түрде
жүзеге асырып келеді. Ғылыми бастамаларды қолдап, жастарға гранттар бөледі.
Алқалы жиында адам капиталын дамыту, ғылым мен білімнің маңызы кеңінен
талқыланды. Жаңа Конституция жобасында дәл осы бағыттарға басымдық беріліп отыр
Дихан
Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас
директоры:
-Ата
заң адам капиталын дамытуға, ғылым, білім, инновация құндылықтарын бүгінгі
күнде дұрыс жаратуға мүмкіндік жасайды.
Мұндай
кездесулердің мақсаты – азаматтарды конституциялық өзгерістердің мазмұнымен
таныстыру және ашық пікір алмасу. 15 наурыз күні өтетін республикалық
референдум еліміздің болашағын айқындайтын тарихи сәт.

