Қазақстан құрамасы Канвонда екінші медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Канвонда екінші медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Канвондағы қысқы Олимпиада ойындарында қатарынан екі медаль жеңіп алды. Еліміз үшін тарихи атанған тұңғыш алтын медальды сенбі күні Кореяда Илья Мизерных қоржынға салды.  Трамплиннен секіру бойынша сынға түскен отандасымыз 214 балл жинап, 38 қарсыласын шаң қаптырып, топ жарды. Бұл алтын жүлде Қазақстан құрамасы үшін барлық жасөспірімдер арасындағы өткізіліп келе жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы болды. Олимпиаданың екінші күні Қазақстанға тағы бір жүлде әкелді. Шорт-трек бойынша 1000 метр қашықтықта отандасымыз – Полина Омельчук тек қытайлық екі спортшы – Ли Жинзи мен Янг Жингруге есе жіберіп, үздік үштікті қорытындылады. Осылайша, бұл қола медаль да өз септігін тигізіп, жалпыкомандалық есепте елімізді 5 орынға көтерді.

Полина Омельчук, IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

– Бұл менің тұңғыш Олимпиада ойындарым. Не дерімді де білмеймін – бұл мен үшін үлкен бақыт. Бірақ алда да күн бар. Міндетті түрде бұдан да жақсы нәтижеге жетемін деп уәде беремін. Барлығына қолдау білдіргені үшін рахмет.