World Indoor Tour сериясының Азия аумағындағы тұңғыш «алтын» деңгейлі турнирі Қазақстанда өтті

World Indoor Tour сериясының Азия аумағындағы тұңғыш «алтын» деңгейлі турнирі Қазақстанда өтті

World Indoor Tour сериясының Азия аумағындағы тұңғыш «алтын» деңгейлі турнирі Қазақстанда өтті. Елордада өткен Astana Indoor Meet жарысы қазақ жеңіл атлетикасының чемпионы Әмен Тұяқовтың жүлдесіне ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен байрақты бәсекеге 45 елден 136 спортшы жиналды. Ел намысын 28 атлет қорғады. Жалпы, осы уақытқа дейін World Indoor Tour сериясының «алтын» деңгейлі турнирі жыл сайын Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Льевен, Торун және Острава сияқты әлемнің 7 қаласында ғана өткізіліп келді. Сондықтан осы жарыс тек Қазақстан үшін ғана емес, Азия құрлығы үшін де тарихи жарыс екені сөзсіз.

Арманд Дюплантис, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, сырықпен секіруден әлем чемпионы

– Бұл мен үшін өте маңызды турнир. Оның үстіне, биылғы ең алғашқы ірі жарыс. Сондықтан, мен ең жоғары нәтижеге жетуге талпынып, барымды саламын. Сонымен қатар, бұрын-соңды мен барып көрмеген жаңа жерлерге, қалаларға барып, жаңа жарыс атмосферасын сезгенді жақсы көремін. Қазақстанда алғаш өтіп жатқан, жоғары дәрежелі сайыста бағымды сынау – мен үшін зор мәртебе.