Жемқорлардан 1 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды

Жемқорлардан 1 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды

2022 жылдан бері елге 1 триллион 130 миллиард теңгеден астам актив қайтарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, тәркіленген барлық қаражат әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталды. Мәселен, осылайша қазір 89 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 154 млрд теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Осы қаржы 89 мектептің құрылысына жұмсалды. Нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлері мен ірі қалаларында 100 мыңға жуық оқушы орны жасақталды. 89 мектептің 61-і салынып, пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан.