Тәуелсіздікке тағзым
Таразда «Тәуелсіз
Қазақстан» монументі мен Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтары
қойылды. Осылайша Жамбыл жұртшылығы еліміздің егемендігін дәріптеп, тәуелсіздік
жолында құрбан болғандардың рухына тағзым етті.
Биыл ел
тәуелсіздігіне 34 жыл. Осыған байланысты Таразда көптеген игі іс шаралар өтті.
Солардың бірі «Тәуелсіз Қазақстан» монументіге гүл шоқтарын қою. Ел азаматтары
рәсімге қатысу арқылы елдің басты мерекесіне құрмет білдірді. Олардың қатарында
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер
қауымы бар.
Сонымен қатар, дәл
осы күні Тараздағы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне де гүл қою рәсімі өтті.
Іс-шараға желтоқсаншылар, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар көп жиналды.
Олар ел тарихындағы елеулі күнді еске алып, батыр рухына тағзым етті. Елде
әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылықтың туы орнасын деп тарқасты.
Мақсат Мұсабеков,
Тараз қаласының тұрғыны:
- Бұл жалпы ұлтымыз бен
халқымыз үшін атаулы мереке. Қайғылы оқиғалар болған күннің өзінде бүкіл елге
тәуелсіздік сыйлаған күн. Сол себепті атаулы күні халқымызды, елімізді,
жастарды атаулы күнмен құттықтаймын. Бұл елімізге әлемдегі танымалдықты
сыйлаған тәуелсіздік күні
Шынында, тәуелсіздік
жылдарында егемен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар атқарылды.
Қазақстанды бүкіл әлем мойындады. Жемісті жылдар нәтижесін киелі өңірдегі
осындай жүйелі түрліктен-ақ байқауға болады.

