Таяу Шығыстан 7,3 мың Қазақстан азаматы эвакуацияланды – ҚР СІМ
Таяу Шығыстағы жағдай ушыққалы Қазақстан 7300-ден астам азаматын елге
эвакуациялап үлгерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, отандастарымызды елге қайтару процесіне құзырлы
органдарда тартылған. Эвакуация резидент және резидент емес әуе компанияларының
рейстері арқылы жүзіліп жатыр. Мәселен, алғашқы рейсті «ФлайДубай» және «Скат»
компаниясы орындаған. Әуе қатынасынан бөлек, Иранмен тікелей шектесетін
Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы да Қазақстан азаматтарының бір
легі шағарылған. 8 наурызда 1700 адам Оман арқылы елге жеткізілді. Ал 10
наурызда осы бағытпен тағы 3 рейс ұйымдастырылып отыр.

