Сенат бизнес жүргізуге қатысты заңды қарады

Сенат бизнес жүргізуге қатысты заңды қарады

Бизнес жүргізу кезінде кәсіпкерлер мен қоғамның мүдделері бірдей ескерілуі тиіс. Сенаторлар осыны көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жалпы құжат мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын жаңа реттеуші саясаттың базалық қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруге бағытталған. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қорғаудың тың тетіктерін енгізуді және бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуды көздейді.  Осы арқылы отандық тұтынушылар, кәсіпкерлер мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге қол жеткізілмек.  

Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

-Заңға енгізілетін өзгерістердің үшінші блогы – Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібі орындарын жеткілікті көлемде және көңілге қонымды бағада отандық шикізатпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына тиімді атаулы қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеуден кезең-кезеңімен бас тартуға қатысты жекелеген тапсырмаларын іске асыруға қатысты.