Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Президент Қарағанды облысының әкіміне Qarmet компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.  Ермағанбет Бөлекпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорындағы жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру, сондай-ақ, оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, өндірісті жаңғырту және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімдеді. Бұдан бөлек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады. 2023 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 трлн теңгеден асты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 727 млрд теңгеге жетті. Машина жасауда 45%, жеңіл өнеркәсіпте 24% жуық, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілген.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Мемлекет басшысының қабылдауында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын 2023 жылдың қорытындысы бойынша есеп бердім.  Инвестиция, шағын және орта бизнес, сауда, құрылыс, осы және басқа бағыттар бойынша оң динамикасы сақталды. Өткен жылы 11 ірі инвестициялық жобалар іске қосылып, 2,5 мың астам тұрақты жұмыс орны ашылды.