«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн жуық баланың шотына қаражат аударылды

«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн жуық баланың шотына қаражат аударылды

Ұлттық қордан балаларға тиесілі қаражаттың алғашқы салымдары түсті.  Жоба аясында 7 млн жуық баланың шотына ақша аударылды. 

Кәмелетке толмаған әр қазақстандыққа Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі теңдей бөлінді. Осы уақыттың ішінде жиналған 695 млн доллардан артық соманы әрбіріне шаққанда 100 доллардан сәл көбірек шықты.

Қаржы бұдан былай әр бала 18 жасқа толғанға дейін салынады, бірақ оны мерзімінен бұрын шығарып алуға болмайды. Жиналған ақша кәмелет жасына толған соң, олардың баспана немесе жоғары білім алуына жұмсалады. Бұл ретте, шетелдiк оқу орнында оқу ақысын төлеуге шектеулер жоқ.

Тағы бір айта кетерлігі, арнаулы есепшоттар автоматты түрде ашылады.

 Мұрат Шәріпов «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:

- Келесі жылдары туылған балалар автоматты түрде бағдарламаның қатысушылары болып есептеледі. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді жыл сайын мемлекеттік деректер қорынан ақпарат алып, балалардың есептерін жүргізіп отырады. Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптарды kids.enpf.kz сайтынан баланың жеке сәйкестендіру номері арқылы тексеруге болады.