Жасанды интеллект технологиялары енгізілді

Жасанды интеллект технологиялары енгізілді

Маңғыстауда цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Мәселен, «Сергек» жүйесі жол ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтап, деректерді құқық қорғау органдарына жібереді. 109 бірыңғай байланыс орталығына түскен тұрғындардың өтінішін  жасанды интеллект талдап, сұрыптайды. Ал IT-хаб цифрлық дағдыларға үйрететін 120 шара өткізді. 

«Mangystau IT Hub» өңірдің цифрлық технология алаңы. Мұнда кибертурнирлер ғана емес, 3D-баспа кабинетінде инженерлік прототиптерді жасауға болады. Орталық жасанды интелектке бағытталған шеберлік сабақтары мен 30-дан астам оқыту бағдарламаларын жүргізген. 

Айгерім МәжтайMangystau Hub жетекшісі: 

- Оның ішінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған DigitalUstaz, EA Tools воркшоп жұмыстары жүргізіледі. Яғни жасанды интелектте қазір цифрлық сауаттылығын аша отырып, осы жасанды интелект құралдарын пайдалана келе Адам өмірін жеңілдетуге болатын бағыттарға ден қойған болатынбыз. 

Маңғыстаулық IT-мамандардың озық стартап жобалары да жетерлік. Соның бірі Арман Сатбеков пен Ерасыл Смағұлов дайындаған жылдам әрі қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ететін «Alemgo» мобильді қосымшасы. Жолаушыларды сәлемдеме жіберетіндермен байланыстыратын жоба бүгінде әлемнің 56 елінде қолданылады.  

Ерасыл Смағұлов, Alemgo қосымшасының авторы: 

- Бізде қазіргі таңда 4 мыңнан астам пайдаланушы бар. Оның 3300-ден астамы App Store-дан келген. Мыңнан астамы Google маркеттен келген. Қазір біз қарқынды түрде маркетинг жоспарын алға ысырамыз бұйырса. Сол кезде курьерлер мен жургізушілер бізге келеді. 

Платформада 500-ден астам тапсырыс орналастырылған. Жалпы жоба авторлары болашақта қосымшаны жасанды интеллектпен байланыстырып, үлкен экожүйе құрмақ.