«Кітап оқитын ұлт» жобасы қорытындыланды

«Кітап оқитын ұлт» жобасы қорытындыланды

Шымкентте үздік оқырмандар марапатталды. Шаһарда «Кітап оқитын ұлт» жобасы қорытындыланды. Оған 66 мыңнан астам азамат қатысқан. Әрқайсысы 15 кітаптан оқып шыққан. 6 бағыттан тұратын сайыста  мектеп оқушыларынан бастап студенттер, білімді әулет, педагогтармен  мемлекеттік қызметкерлерге дейін бақ сынады.

 Сыздықовтар әулеті 15 мың отбасының ішінен  үздік деп танылды. Бұл әулеттің үлкен-кішісі,  ұл-қыздары, немере шөбереге дейін кітап оқиды. Отанасы ұлаға ұстаз, жастайынан Абайдың қара сөздерін сіңіріп өскен.  Ұлы ойшылдың шығармалары  адамның өн бойындағы адалдық пен отбасы құндылықтарын нығайтады, дейді  ол.

Гүлмира Мырзалиева, үздік әулеттің анасы:

- Бұл менің хоббиім былайша айтқанда да. Өзім кітап оқығанға өте  құмар болғандықтан отбасымды да осыған тартым.Қазір жас балдар соткаға кіріп кеткен. Одан да кітап оқыса қолдарынан кітап түспесе, шындығында бұлар бар ғой рухани бай болар еді. Ал, рухани бай болған адам ешуақтта жаңағыдай қылмысқа бармайды.

Былтыр  күзде басталған  жобаға 66 мыңнан астам адам қатысты. Әр үміткер  15 кітаптан оқыды. Нәтижесінде оқылған кітаптың саны 500 мыңнан асты. Қалада жаңа мәдени зияткерлік үрдіс қалыптасып, әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер арасында ерекше дебаттар мен пікірсайыстар ұйымдастырылды.

 Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі:

- Қазақ әдебиетінің классикалық туындылары арқылы ұлт руханияты мен адамгершілік құндылықтарын терең түсуге мүмкіндік берді.  Бастысы Мемлекет басшысы айтқан жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асты.

 Қазақ әдебиетінің классик ақындары мен  мен әлемдік жазушылардың  туындылары ұлт руханият пен адамгершілік құндылықтарды терең түсуге мүмкіндік берді.

 Дінислам Әбдікерім, оқушы:

- «Ұлпан» кітабы есімде қатты қалды. Өйткені ұлпанның өз даналығы мен Есенейге тұрмысқа шығып және де одан кейінгі мұраны халықты жақы билепді, басқарды.

 Жоба қысқа мерзім ішінде қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдық сана мен рухани мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды бастамаға айналды.