«Dostyk Storage» жүк транзитін 2,5 есе арттырды

Бүгін Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан Достық ауылының маңында жаңа халықаралық сауда-логистикалық орталық өз жұмысын бастады.

Аталған жобаны Dostyk Storage ЖШС Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп жүзеге асырған болатын. Көзделген негізгі мақсат – трансшекаралық логистикалық инфрақұрылымды дамыту және «Алакөл» жол өткелінің өткізу қабілетін арттыру.