Сауалнама: халықтың 80% Конституциялық реформаны қолдайды

Сауалнама: халықтың 80% Конституциялық реформаны қолдайды

Халықтың 80 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген сауалнама қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Респондеттердің 31,1 пайызы бір палаталы Парламентке өтуді дұрыс деп бағалаған. Ал 21,6 пайызы вице-президент институтын енгізуді қолдапты. Ал 20,1 пайызы Халық кеңесін құруды жөн десе, 15,2 пайызы жалпы конституциялық реформаны ең есте қаларлық өзгеріс ретінде атаған. Сауаланамаға қатысушылардың 65%-ы конституциялық реформалар халықтың тұрмысын жақсартуға әсер етеді деп сенім білдіріпті. Сондай-ақ, жаңа Парламенттен азаматтар ашықтық, нәтижелі жұмыс және халықпен белсенді диалог жүргізуді күтетінін айтқан. 37,8%-ы Құрылтай депутаттары халық үніне құлақ асады деп тілепті. Жалпы алғанда, сауалнама нәтижесі халықтың конституциялық реформаларға көңілі толатынын, жаңа институттардың құзіретіне қызығушылық танытатынын, олар туралы хабардар екенін көрсеткен.