Тақтадағы тартыс: жастар чемпионаты мәресіне жетті

Тақтадағы тартыс: жастар чемпионаты мәресіне жетті

Ұлытауда бес күнге созылған классикалық шахмат чемпионаты өтті. Өңірдің ең дарынды шахматшыларын бір алаңға тоғыстырған бұл турнир — Қазақстан чемпионатына іріктеу ғана емес, жас спортшыларға өз шеберліктерін сынап, жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді. Жарысты ұйымдастыруға «Жансая Әбдімәлік» шахмат академиясы мен «Қазақмыс» корпорациясы атсалысты.