Каспий теңізін зерделеуге 1,1 млрд теңге бөлінді
Каспий теңізін
зерделеуге 1,1 млрд теңге бөлінді. Қаражат Үкімет резервінен алынады.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті Қаулыға қол қойды. Бұл қаржы теңізде
мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ,
гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру да көзделген.
Мұндай жаңашылдық осы сала бойынша елдегі ғылыми базаны қалыптастыруға жол
ашады. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институты тиімді шараларды әзірлеу үшін
халықаралық ғылыми қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатқан. Ал, қаулыны жүзеге
асыру үшін үкімет Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қаржы
министрлігіне бірқатар міндеттерді жүктеді. Айта кетейік, Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумында Каспий теңізін және оның
экожүйесін сақтап қалуға баса мән берген еді. Осылайша, Каспийдің суын сақтау
үшін бірлесіп әрекет ету керегін алға тартты.

