Қ. Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады

Қ. Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады

Премьер-Министр Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады.

Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты.  Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.

Министрлер кабинетінің басшысы Президенттің қабылдауында республиканың ЖІӨ арттыру жөніндегі қолға алынған шаралар туралы да мәлімдеді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылуда. Президентке заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырмалар берді.