Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі
Жаңа жылға
санаулы ғана күн қалды. Ал ақмолалық ағайын мерекеге қызу дайындық үстінде.
Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Өңірдің
100-ге жуық тауар өндірушілері сауда алаңына табиғи өнімнің 30-дан астам түрін
ұсынды.
Жәрмеңкеге
келген шаһар тұрғындары сауда сөрелерін жағалап, жаңа жылға қажетті азық-түлік
қорын қамдауда. Себебі мұндағы өнімдер тікелей өндірушіден жеткізілген соң,
бағасы да нарықтағы бағадан төмен.
Мұрат Балпан,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары:
- Бүгінгі
жәрмеңкеге 30 түрлі азық-түлік сатылады. Жалпы, 200 тоннадай өнім әкелініп,
сатылады. Нарықтық бағасымен салыстырғанда 10-15 % төмен. Бұл өте жақсы, таза,
сапасы жақсы өнім.
Көкшетаулық
кәсіпкер Эльвира Мұқашева жәрмеңкеге ірімшіктің 10 түрін әкеліп отыр. 2023 жылдан бері кәсіпкерлікті қолға алған
ол, бүгінде табиғи ірімшіктің 20 түрін өндіреді. Айтуынша, мұндай жәрмеңкелер
шағын және орта бизнес өкілдері үшін үлкен қолдау.
Эльвира
Мұқашева, Жеке кәсіпкер:
- Түйе сүтінің сыры. Бұл сыр түйе сүтінен дайындалып,
қымыздың ішінде піседі. Франциядағы бүкіл әлемдік конкурстан алтын медаль алған
сырымыз болып табылады.
Бағдат Жукенов,
Қала тұрғыны:
- Бәріне ризашылық
білдіреміз. Ет, қаз, жұмыртқа – бәрі арзан!
Жалпы жәрмеңке
барысында 200 тоннадан астам өнім саудаланды. Сауда-саттық шарасы қала
тұрғындарын қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай,
жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Мұндай жәрмеңкелер алдағы
уақытта да жалғасын табады.
Авторы: Жанар Мұқышева

