Елімізде 57 ардагер қалды

Елімізде 57 ардагер қалды

Тарихтың тірі куәгерлері азайып барады. Елімізде небәрі 57 Отан соғысының ардагері қалған. Олардың 43-і майданның алдыңғы шебінде болса, 14-і соғыс жылдарында ауыр жарақат алғандар. Майдангерлердің ең үлкені 105 жаста. Ардагерлердің 14-і Алматы қаласында тұрады екен.  Астана мен Ақтөбеден бастап, Маңғыстау мен Қызылордаға дейінгі жеті өңірде  жалғыз ардагерден қалған. Шығыс, Батыс және Орталық Қазақстанда 6 майдангер тұрса, Жамбыл мен Түркістан өңірінде үш-үштен, ал Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында төрт қария өмір сүреді.  Айта кетейік, Жеңіске үлес қосқан 33 мыңнан астам азаматқа ай сайынғы жәрдемақы мен зейнетақы төлемдері тұрақты  төленіп келеді.