Солтүстік Қазақстан облысында 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Солтүстік Қазақстан облысында 7 жарым мың
жаңа жұмыс орны ашылады. Ол үшін 52 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Бұл
туралы президент қабылдауында Ғауез Нұрмұхамбетов айтты. Облыс әкімі Мемлекет
басшысына атқарылған өзге де жұмыс жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, «Кең Дала
2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттік
қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан. Биыл 332 мың шаршы
метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй
тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы 11 нысанның құрылысы аяқталады. Әлеуметтік
осал топқа жататын азаматтар үшін биыл 258 пәтер сатып алынады. «Келешек
мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 600 орындық жаңа заманауи
мектеп салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын-терім науқанына дайындықтың,
агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың
маңызына назар аударды. Сондай-ақ, жылу, энергия желілерін реконструкциялау
жұмыстарын жылдам аяқтау қажет екенін ескертті.

