Мемлекет басшысы Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады
Бүгін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Сергей Шойгуды қабылдады. Кездесуде екіжақты серіктестік және өңірлік
қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент екі ел
арасындағы қарым-қатынас, әсіресе, экономикалық байланыс қарқынды дамып келе
жатқанын атап өтті. Тараптар 171 жобаны жүзеге асыруға келіскен.

