Букмекерлік қызмет онлайн-платформада жарнамаланбасын
Букмекерлік қызметтің енді онлайн-платформаларда жарнама шығаруына тыйым салынды. Бүгін Президент осыған мүмкіндік беретін заң жобасына қол қойды. Оған сәйкес, құмар ойынға бәс тігуге үгіттейтін жарнамалар рұқсат етілген БАҚ-тардың шеңбері тарылды. Олар енді тек спорттық бағытта болуы керек. «Ойын бизнесі туралы» заң сотталған және сотталып шыққан азаматтардың құмар ойынға елігіп, мүлдем бәс тігуіне болмайды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы тағы 3 заңға қол қойды.

