XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны

XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны

Жастар бейбіт заманның қадірін түсінуге тиіс. Мемлекет басшысы Ақтөбе облысында ұйымдастырылған XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында осылай деді. Президент жыл өткен сайын жаһандық шиеленістер өршіп, мемлекеттер арасында қақтығыстар жиілегенін айтты. Ал  мұндай іс шаралар еліміздің шетелдермен көпжақты байланыстарымызды кеңейтуге үлес қосады. Жиын аясында балалар мен жасөспірімдер «Айбын дарыны» интелектуалдық ойынына, «Smart Sarbaz» технологиялық конкурсына және «Айбын» жұлдызы шығармашылық сайысына қатысады. Сондай-ақ, бағдарламада спорттық сайыстар, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны бар.