Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық
қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект
технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты
дамыту жобаларын көрді. Президент басшылық құраммен жиын өткізді. Қасым-Жомарт
Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару
және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың
маңызын атап өтті. Сондай-ақ, аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша
бірқатар тапсырма берді.

