Арал қаласында үш мың түп тал егілді

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Бір ғана Арал қаласының өзінде үш мың түп тал егілді. Туған жерді көркейтуге мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да атсалысты.

Аралдың табиғаты ерекше. Қысы ызғарлы, жазы ыстық. Жел соқса, құм суырып, мазаңды алады, Сондықтан айналаны абаттандырып, көгалдандырудың маңызы зор. Қала әкімдігі бұл жұмыстарды мықтап қолға алды. Демеушілердің есебінен жергілікті жерге бейімделген үш мың түп қара тал көшетін алдырған. Жазда сая болатын өскін тамшылату әдісімен суарылады.