Зайсандықтардың өз әуежайы болады
Шығыстағы ағайын енді
ұшаққа отыруы үшін Өскеменге барып әуре болып жүрмейді. Яғни, 34 мыңнан астам
халық тұратын Зайсан қаласында енді жеке әуежай болмақ. Президент тапсырмасы
бойынша Зайсанмен қоса Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймағында да әуежай
салынуы тиіс. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, қазір Зайсанда жаңа
стратегиялық нысанның құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Оның орны ретінде
қаладан 25 шақырым жердегі Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ
базасы таңдалыпты. 184 мың жарым гектар жерді алып жатқан учаске үлкен
ұшақтардың да ұшып-қонуына қолайлы. Кейін оны 2200 шаршы метрге дейін үлғайтуға
болады. Қазір ол жаққа бағыт ашу үшін ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін
пысықталуда. Сондай-ақ, биыл Шығыс Қазақстанда бес теміржол вокзалы жөндеуден
өтеді.

