Балық шаруашылығы дамымай тұр

Балық шаруашылығы дамымай тұр

Ал бүгін Сенат аквашаруашылыққа қатысты заңды Мәжіліске кері қайтарды. Жоғары палата депутаттары ондағы кейбір баптарға өзгерту енгізген. Қазір елімізде жергілікті маңызы бар 3 мыңға жуық су айдыны бар. Балықты қайта өңдеумен 72 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде 20 кәсіпорын өз өнімдерін Еуропалық одақ елдеріне экспорттайды. Бұл ретте Үкімет саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын да қабылдаған. Оған сәйкес, балық өсіру көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту, өнімдерін ішкі тұтынуды 134 мың тоннаға арттыру көзделген. Бүгінде Қазақстанда жан басына шаққанда балық тұтыну нормасы жылына небәрі 4 келіге әзер жетеді. Ал көршілес Ресей мен Қытайда 20 келіден асады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, бір адам бір жылдың ішінде кем дегенде 16 келі балық өнімін жеуі қажет.