4 жаңа министр тағайындалды

4 жаңа министр тағайындалды

Үкіметте 4 жаңа министр тағайындалды. Премьер-Министр Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды. Үкімет басшысының орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұр. Премьер-Министр ведомства формализмсыз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге басымдық беруі тиіс деді. Мәди Такиев бастаған қаржы министірлігінеде үлкен сенім артылып отыр. Ведомства барлық бағыттар бойынша нақты іс-шараларды жүзеге асыру үшін қарқын қоса түсуі керек. Сондай-ақ ұжымына таныстырылған жаңа басшы - Шыңғыс Әрінівке жүктелген шаруаның негізгі бағыттары айқындалды.  Ең алдымен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және алдын алу жүйелерін жаңғырту қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы етіп тағайындалған Ақмарал Әлназарованың мойына артылған жүк те жеңіл емес. Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және одан әрі тиімділігін арттыру үшін жаңа министрдің тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі жететініне сенім білдірді.