Айда қонақ үй салынбақ: депозиті бір млн доллар

Айда қонақ үй салынбақ: депозиті бір млн доллар

Енді айға ұшып барамын дегендер, қайда жатамын деп бас қатырмайтын болады. Өйткені америкалық GRU Space компаниясы жер серігінің үстінде қонақ үй салмақшы. Жоспар бойынша нысан 2032 жылы алғашқы туристердің легін қабылдай бастауы тиіс. Ғарышқа шығып, айда болғысы келетіндер қазірден қамданбаса, космостан қалуы мүмкін. Себебі қонақ үй бөлмелерінің саны шектеулі. Әрі брондау жүйесі қазірден басталған. Тнк ол үшін миллионер болуыңыз қажет. Бір бөлменің құны депозит үшін бір млн доллар деген баға бекіткен. GRU Space компаниясы құрылысты 2029 жылы бастайтынын хабарлаған. Оған керекті құрылыс материалдары жерден тасымалданбайды. Айдың бетінде пайдаға жарайтын нәрсе солдан салынады. Құрылысты роботтар жүргізеді. Мамандар қонақ үйден бөлек жол, қойма секілді нысандарды салады.