Аудиторлық палатаның бюджет туралы есебі

Аудиторлық палатаның бюджет туралы есебі

Былтыр жалпы ішкі өнім өссе де, бюджетке 335 млрд теңге түспей қалған. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бюджеттік жоспарлаудағы олқылықтарды айтты. Бұған жоспарлаудағы қателіктер мен салықтан түсетін ақшаны тым артық оптимизммен күту себеп болған дейді жоғары аудиторлық палата төрағасы. Тіпті, бюджет жыртығын жамау үшін келесі жылдардың есебінен алдын ала қаржы тарту фактілері тіркеліпті. Республикалық бюджет сегіз рет өзгеген. Төменгі палата депутаттары мұны саладағы салғырттықпен сабақтастырып отыр.