Тау-кен өндірісіне тартылған инвестиция артып келеді
Тау-кен өндірісіне салынған инвестиция биыл 20 пайызға өскен. Бұл туралы 15-ші халықаралық «MINEX-QAZAQSTAN 2025» тау-кен-геологиялық форумында айтылды. Ауқымды шараға 30 елден 200-ден астам компания өкілдері қатысуға келген. Олар екі күн қатарынан Қазақстандағы минералдық ресурстарды игерудің жаңа әдіс-тәсілдерін талдайды. Жиында сөз алғандар тау-кен өндірісіне көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, цифрландыру тетіктерін қарастыру жағын талқылады. Саланың шикі тұстары да бар. Дегенмен қордаланған түйткілдерді шешуге болады. Орта Азия елдеріндегі алпауыт кәсіпорындар Қазақстанда жұмыс істеуге бейіл. Себебі, Қазақстан уран, мыс және сирек кездесетін металлдар сияқты стратегиялық маңызды пайдалы қазбалардың әлемдегі ең ірі қорына ие. Әрі, мұнда қазба жұмыстарын жүргізуге ауа-райы да қолайлы.
Артур Поляков, Ұйымдастырушы:
- Жобаның ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Бұл тек, инвесторларқа
қазақстандық жобаларды таныстыратын форум емес. Бұл халықаралық қатынастарды
бекітетін, нығайтадын ірі алаң. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту үшін бар
күш-жігерін салады. Сондықтан бұл форумның маңыздылығы жоғары. Шетелдік
кәсіпорындар қазақстанды жайдан-жай таңдап отырған жоқ. Себебі, бізде қазба
байлық көп. Тау-кен саласы өте терең тақырып. Сондықтан, бұл бағыттағы ілкімді
істер легі арта береді.

