АҚШ Қазақстан темір жолына 1,6 млрд доллар береді

АҚШ Қазақстан темір жолына 1,6 млрд доллар береді

АҚШ Қазақстан теміржолына 1,6 млрд доллар береді. Бұл қаржы елдің локомотив паркін жаңартуға жұмсалады. Несие америкалық Экспорт-импорт банкімен 10 жылға рәсімделеді. Локомативтер АҚШ-тағы Wabtec компаниясынан алынады. Теміржолды жөндеу 2038 жылға дейін жалғасады. Жаңа составтар энергия тиімділігін арттырып, жүк тасымалын арттырады. Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан АҚШ-тан 4 млрд долларға 300 локомотив алуға шарт жасасқан.