Қазақстанда дрон шығарылады
Қазақстанда дрон шығарылады. Оны осындай орман өрттерін ерте анықтауға, қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылығы саласын қолдануға болады. Астанада жаңа өндіріс ошағының қызметі таныстырылды. Жоба құны шамамен 12 млн доллар. Биыл зауыт құрылысы басталмақ. Ал келер жылдан бастап, өндіріс жұмысы толық жолға қойылады. 50 мың шаршы метр аумақта дрондар құрастырумен қатар қатар аккумулятор шығаратын цех, ұшу аппараттарын сақтайтын, сынақтан өткізетін алаңдары болады.
Әліби Дәулет, «KAZAKH INVEST» ҰК жобалық менеджері:
- Біздің еліміз үшін дрон өндіру саласын дамыту – маңызды стратегиялық міндеттердің бірі. Өйткені бұл дрондар - еліміздің ауыл шаруашылығында, экология саласында, төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылады. Мысалы орман өрттерін, ауа және судың ластануын қадағалап, су деңгейін бақылайды. Сондай-ақ, төтенше қызметтерде қауіпті аймақтарды анықтап, эвакуация жұмыстарын үйлестіруге және қажетті құрал-жабдықтарды жеткізуге ықпал етеді.
Жоба іске қосылса, ел азаматтары үшін 500-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, жоба барысында отандық мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында ғылыми орталық құрылмақ.
Чу Ци, Қазақстандағы дрондар өндірісі компаниясының бас директоры:
- Бүгінгі
таңда бұл дрондар Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жақсы дамыған. Компания оларды 2015
жылдан бері өндіреді. Бұл ауыл шаруашылық аймақтың климаты Қазақстанның ауа
райына ұқсас. Сондықтан да оларды жергілікті егін шаруашылығын жетілдіру үшін
қолдануға болады. Мұндағы нарықты зерттедік. Сұраныстың жоғары болатынына сенімдіміз

