Қазақстан электронды үкіметті дамытуға арналған тұғырнамаларды Қырғызстанға экспорттайды

Қазақстан электронды үкіметті дамытуға арналған тұғырнамаларды Қырғызстанға экспорттайды

Қазақстанның электронды үкімет саласындағы IT өнімдері Қырғызстанға экспортталады. Еліміздің Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, көрші елде Smart Bridge технологиясы ендіріледі. Ол  мемлекеттік органдардың және бизнес секторының ақпараттық жүйелерінің арасындағы интеграциялық үрдістерді оңтайландыру үшін өте қолайлы. Сондай-ақ, бұл қатарда экономикалық өсім мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайтын жиынтық жүйе – Smart Data Ukimet пен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қамтитын бірыңғай платформа - gov.kz бар. Естеріңізге сала кетсек, былтыр желтоқсан айында бұл жобалар Тәжікстанға экспортталған. Оған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке IT-қызметтер экспортын 2026 жылға қарай 1 млрд долларға жеткізу туралы тапсырма берген.