Теміржол арқылы жүк ағыны күшейді
Қазақстан мен
Орталық Азия арасындағы сауда логистикасы артты. Статистикаға сүйенсек,
қаңтар-наурыз айларында бұл бағыттағы теміржол тасымалы 34% өскен. Атап
айтқанда, астық тасымалы 50%-ға артып, 2 млн тоннадан асқан. Қара металдар
43%-ға, ал мұнай өнімдерін жеткізу 6%-ға көбейген. Сонымен қатар, Қазақстан
арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі де ұлғайған. Біз арқылы «Орта дәліз» бойымен өткен
жүктің басым бөлігі – мұнай өнімдері, металл және азық-түлік. Кері бағытта да
қозғалыс күшейген. Орталық Азия елдерінен химиялық өнімдер, жеміс-көкөніс және
кен өнімдері бұрынғыдан да көбірек жеткізіліп жатыр. Әсіресе, Өзбекстан,
Түрікменстан, Тәжікстан мен Қырғызстанмен тасымал көлемі өсіп отыр. Бұған жүк
тасымалдау жүйесінің жақсаруы, жеткізу уақытының қысқаруы және теміржол
инфрақұрылымының дамуы әсер етуде.

