614 мың азаматтың проблемалы несиесі кешірілген

614 мың азаматтың проблемалы несиесі кешірілген

Елімізде былтыр 614 мың азаматтың проблемалы несиесі ішінара немесе толықтай кешірілген. Бұл шамамен 210 млрд теңге. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Президент қабылдауында осылай деді. Мәдина Әбілқасымова 2024 жылы қаржы нарығын дамытуға қатысты атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Мәселен, экономиканы кредиттеу 21 пайызға немесе шамамен 34 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Банктер 400 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттің қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтарды.