Сиыр етін экспорттауға шектеу енгізіледі

Сиыр етін экспорттауға шектеу енгізіледі

Сиыр етін шетелге сатуға шектеу енгізіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара етін экспорттауға қатысты қаулы жобасын ашық талқылауға шығарды. Оған сәйкес, сиыр етін шетелге, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатуға алты айлық квота белгілеу жоспарланып отыр. Бірақ қазір жобада квота көлемі нақты көрсетілмеген. Ал желтоқсанның басында үкімет сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін 13 мың тонна квота белгілеген еді. Қоғамдық талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Егер шектеу енсе, ішкі нарықтағы сиыр етінің бағасы тұрақталуы мүмкін.