Қазақстан мен Словения Президенттері АХҚО жұмысымен танысты

Қазақстан мен Словения Президенттері АХҚО жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралады. Бұл орталықта қаржы нарығының ірі қатысушыларының басым бөлігі шоғырланған. Атап айтқанда халықаралық банктер, сақтандыру және брокерлік компаниялар, қор биржалары, мемлекеттік қаржылық реттеу органдары, кредиттік және басқа да операцияларды жүзеге асыратын институттар бар. Мұнда әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген. Бүгінгі таңда қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция 14 миллиард доллардан асқан. Оның 7 миллиарды Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар, ал, қалған жартысы орталықтықтың қатысушыларының қаражаты.