Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз– бір
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады. «Бұл –
қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні
халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі,
отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі», – деді
Президент. Сондай-ақ: «Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір.
«Бірлігіміз – әралуандықта» формуласы мемлекеттік саясат пен азаматтарымыздың
күнделікті өмірінің өзегіне айналды» деп жалғаған сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.
1995 жылы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланды. Бүгінде
жер көлемі бойынша 9-орындағы елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Ұлттық
статистика бюросының наурыздағы көрсеткіші бойынша Қазақстанда халық саны 20
млн 532 мың 240 адам болған. Оның 14 млн-нан астамы қазақ болса, қалғанын өзге
этнос өкілдері құрайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз бірлік,
ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа
Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік. Бұл – Қазақстан халқының саналы
түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен
мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.

