Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Биыл қазақ және балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Шоқтығы биік қаламгер өскелең ұрпаққа арналған 20 астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым - Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындылары өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттейді. Өшпес мұра қалдырған әдебиет майталманының I ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда ескерткіш бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға берілмек.