Жасанды интеллект туралы заң мәжіліске қайтарылды
Бүгін Сенат
Мәжілістегі әріптестері қарап, «жөн» деп жолдаған жасанды интеллект туралы
заңды кері қайтарды. Өйткені оның әлі кем-кетігі бар. Мәселен, соның бірі – жасанды
интеллект жүйелерінен келтірілген зиянның тек ерікті түрде сақтандырылуы. Яғни,
қандай да бір қауіп төнсе, оған нақты жауапты тұлғаның не органның
көрсетілмеуі. Қазіргі дипфейк тарап жатқан заманда бұл өте қауіпті.

