Қазақ-өзбек қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі

Қазақ-өзбек қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі

Қазақстан мен Өзбекстан өткенге көз жүгіртіп, ортақ тарихын қайта қарамақ. Бұл мақсатта былтыр қос ел тарихшылары кездескен болатын. Бүгін ғылыми-шығармашылық саладағы зиялылар алғаш рет Астанаға жиналып отыр. Бірлескен зерттеулер, мұрағаттарға қол жеткізу жолы мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты дамыту жоспарлануда. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев екі ел арасындағы мәдени байланысты саясат салқыны бұза алмайтын көпірлер десе, Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева барлық идеяларға қолдау білдіріп, ғылыми байланыстарды арттыруды қалайтынын айтты.