Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады. Кездесуде президент екі ел арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша дамып келе жатқанын атап өтті. Әрі стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың мәні зор екенін де айтты. Тәжік дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізіп, тәжік тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін жеткізді. Жиында экономика, сауда, транзит, цифрландыру, білім және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты нығайту мүмкіндіктері қаралды.