Ұлыбританияның 40 мектебі қазақстандық мобильді қосымшаға қосылды

Ұлыбританияның мектептері қазақстандық мобильді қосымшаға қосылды. Енді CodiPlay жүйесінің арқасында 40 оқу орнының оқушылары бағдарламалауды үйрене алады. Қазақстандық өнертапқыштар Біріккен Корольдік мектептерінің өздері бірлесіп жұмыс істеуді ұсынғанын атап өтті. Өз кезегінде Google for Education платформасы жұмыс істеу үшін өз ресурстарын бере отырып, қазақстандық әзірлемені қолдауға дайын екенін білдірді.

Жаңаділ Талдыбаев, Codiplay негізін қалаушы:

Британияда өз өнімімізді толық ұсынамыз. Мектеп оны жалпы оқыту бағдарламасына енгізеді. Онда физика, математика, химия сияқты басқа да пәндердің оқытушылары біздің өнімді пайдалана алады. Біз оларға толық бағдарлама, curriculum оқу бағдарламасын ұсынамыз. Сондай-ақ ұстаздар сабақтарында қажетті нәрселерді пайдалану үшін таңдау жасай алады. Біз үшін бұл жаңа формат, сондықтан біз тестілеп, кері байланыс жасайтын боламыз. Google for Education мамандарымен кездескен кезде, олар өз өнімдерін біздің оқу процесімізде тегін пайдалануды ұсынды. Бұл веб-платформалар, LMS тұғырнамалары және олардың дерекқорын біздің дерекқорларымызбен біріктіру, дұрыс талдау жүргізу және оқыту процесін жеңілдету.

Айта кету керек, жақын болашақта бағдарламаны жасаушылар MENA және Орталық Азия елдерінде ауқымды жұмыс істеуге ниетті. Олардың айтуынша, бұл болашағы зор нарықтар, онда жастар бағдарламалауды зерделеуге белсенді араласады және жалпы алғанда IT саласына қызығушылық арта түседі.