Алғашқы АЭС-ке атау қою үшін байқау басталды

Алғашқы АЭС-ке атау қою үшін байқау басталды

Қазақстанда салынатын алғашқы Атом электр станциясына сіз де атау беру науқанына қатыса аласыз. Бүгінген бастап eGov Mobile мобильді қосымшасында өтініштерді қабылдау басталды. Оған кез келген Қазақстан азаматы қатысып, өз нұсқасын жіберуіне мүмкіндігі бар. Үздік деп танылған атау алдағы уақытта алғашқы АЭС-ке берілмек. Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазанға дейін жалғасады. Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады. Еске сала кетейік, 2024 жылдың 6 қазанында елде «Сіз АЭС салуды қолдайсыз ба?» деген сауалмен Жалпы ұлттық референдум өткен. Нижесінде дауыс берушілердің 71,12% оны қолдады. Сөйтіп, қазір жұмыстың алды басталған. Алғашқы станцияның құрылысы үшін Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. Жалпы Қазақстанда болашақта тағы екі АЭС салу жоспарланған.