Рим Папасы Франциск дүниеден өтті
Бүгін Рим
Папасы Франциск 89 жасқа қараған шағында көз жұмды. VaticanNews мәліметінше, ол
Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында дүниеден озған. Еске салайық,
Понтифик Франциск 1936 жылы 17 желтоқсанда Аргентинада дүниеге келген. 2013
жылғы 13 наурызда Рим папасы атанды. Жас кезінде өкпесінің бір бөлігін алып
тастаған және өмір бойы тыныс алу проблемасынан зардап шегіп келді. Соңғы
уақытта ем қабылдап жүргені және тек маңызды шараларда ғана көпшілік
алдына шығып жүргені айтылды. Естеріңізде болса, Рим Папасы 2022 жылғы
қыркүйекте Қазақстанға келген еді.

