Жаңа оқу орнына 250 грант берілді
Су саласы мамандарының тапшылығын жою мақсатында Тараз қаласында Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетінің филиалы ашылды. Оған биыл 250 грант бөлініп отыр. Тіпті, ҰБТ- дан 50 балл жинасаңыз да бұл оқу орындарына грантқа түсуге болады. Студенттерге жоғары шәкіртақы беріледі. Бөлінген 250 гранттың 210-ны Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетіне тиесілі. Ал түлектер ҰБТ-да физика-математика пәнін таңдауы шарт. Сондай талапкерлердің бірі – Назым мен Бекжан.
Назым Қадырбек, талапкер:
– Мен мектепті қызыл, үздік аттестатпен бітірдім. Ал, ҰБТ-дан 89 балл алдым. Енді, осы балыма қарай мен мамандық таңдауым керек қой, мен осы су шаруашылығы мамандығын таңдадым. Және де бұл мамандықты жетік және жоғары деңгейде білу үшін жаңадан ашылған Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетін таңдадым.

