Интернет-алаяқтықпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Интернет-алаяқтықпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

2024 жылы елде 22 560 интернет-алаяқтық тіркеліп, шығын көлемі 45 млрд теңгеден асқан. Көп жағдайда зардап шегушілер жалған инвестициялық жобаларға қаражат құяды екен. Осылай 2700-ге жуық адамның ақшасы желге ұшты. Десе де полиция 7 716 қылмыс схемасын әшкерелеген. Ал, бүгін киберполиция Көкшетау мен Жезқазған қалаларында интернет-алаяқтықпен айналысқан екі шетелдік азаматты ұстады. Тінту барысында олардан екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер мен ұялы телефондар тәркіленді.