Қазақстан Қытайдан инвестиция тартатын ТОП-3 елдің қатарында

Қазақстан Қытайдан инвестиция тартатын ТОП-3 елдің қатарында

Қазақстан Еуразия аймағында Қытай инвестицияларының көлемі бойынша көшбасшы мемлекеттер қатарында. Үздік үштікке елімізден бөлек Ресей мен Түркменстан кірген. Бұндай мәліметті Еуразиялық Даму Банкі жариялады. Қаржы институты Аспан асты елі мен Еуразия құрлығындағы 12 мемлекеттің соңғы 7 жылдағы өзара тікелей инвестицияларын зерттеген. Банк ақпаратына сүйенсек, бұл көрсеткіштің 25% ұлғайғаны байқалады. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартысында өзара инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд долларға жеткен. Оның тек 1 млрд доллары ғана Қытай экономикасына салынған. Ал, Қытайдан қаражат алатын басты ел – Қазақстан. Еліміздің экономикасына аспан асты елі 42 млрд доллар инвестиция салған. Бұл – жалпы көлемнің 52%. Еуразиялық Даму Банкінің мәліметінше, Ресейге қытайлық инвесторлар екі есе аз қаражат салған. Қаржы институтының дерегінше, Қытай өткен жылдың екінші жартысына дейін Түркменстанға 9 млрд 400 млн доллар құйған.