«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылорда өңірінде 2 мың түп ағаш егілді

Президент тапсырмасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясына Сыр өңірінің тұрғындарды да белсене қатысып жатыр. Осы орайда өңірде жалпыхалықтық сенбілік өтті. Туған жерді көркейтуге арналған ауқымды шара барысында 2000 жуық көшет отырғызылып, 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясына өңір жұрты білек сыбана кірісті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үндеу жариялап, тұрғындарды тазалақ шарасына белсене қатысуға шақырды. Сенбілікке 14 мыңнан астам адам қатысып, туған жерді көркейтуге үлес қосты.